Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жол бойында көлік өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Шымкентте көлік өртенді
Шымкентте көлік өртенді. Видеодан кадр: t.me/ otyrarkz

Шымкентте жол бойында Audi A6 көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенді. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 16 желтоқсан күні Қонаев даңғылында газ қондырғысы орнатылған Audi А6 көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген.

Өрт сөндірушілер өртті 10:51-де оқшаулап, 11:03-те ауыздықтаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір аталған жайттың себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдаймен күресуге Шымкент қалалық ТЖД 10 қызметкері мен 3 техникасы, апатты медицина орталығының 3 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылған.

Осы ретте Шымкент қалалық ТЖД тұрғындарды көлік құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201165-shymkentte-zhol-boiynda-kolik-ortendi-video/