Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашымнан жұлып, тепкіледі": Қостанайда фельдшер науқастың туыстары ұрып-соққанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда жедел жәрдем фельдшері қайтыс болған әйелдің туыстары жабылып ұрғанын мәлімдеді. Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті "Алау" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жедел жәрдем қызметкері қазір ауруханада жатыр. Медицина қызметкерінің басылым тілшісіне хабарлауынша, сол күні ол жедел жәрдем бригадасымен бірге көмек шақыртқан үйге барған.

"Бізді қабақ түйіп қарсы алды. Біз өз жұмысымызды атқардық – алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Бірақ науқастың қызы бізге бөгет жасаумен болды. Біз бірдеңе бүлдіріп қойсақ, қарғаймын, түрмеге жабамын деп қорқытты", - дейді фельдшер Анель Б.

Реанимациялық әрекеттерге қарамастан, дәрігерлер әйелді өлімнен арашалап қала алмаған.

"Біз көңіл айттық. Маған бәрі жабылып, шашымнан жұлып, ұрды, тепкіледі. Менің екінші фельдшерім мен жүргізуші ол әйелдерден мені қорғамақ болды, бірақ олардың күші басым боп шықты.

Менің жанайқайымды естіген жүргізуші қарсы жақтағы пәтерге жүгіріп барып, көршілерден полиция шақыртуын сұрады. Осы уақыттың бәрінде менің шашымнан ұстап тұрды, ұрды. Содан кейін көршінің өзі көмекке келіп, мені әлгі әйелден арашалап алып қалды", - дейді жәбірленуші.

Фельдшердің айтуынша, оның миы шайқалған, басына қан жиналған, іші көгерген, беті тырналған. Қыз аурухана түскен.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

"Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында үй иелері мен медицина қызметкерлері арасында жанжал болып, 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерді ұрған", - деп хабарлады облыстық полиция.

Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. "Ұрып-соғу" бабы негізінде тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202077-shashymnan-zhulyp-tepkiledi-qostanaida-feldsher-nauqastyng-tuystary-uryp-soqqanyn-malimdedi/