jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

СІМ өкілі Сирияда қанша қазақстандық қалғанын айтты

Сирия мемлекетінің туы
Сирия мемлекетінің туы. Фото: Joel Carillet/ Getty images

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирияда қалған қазақстандықтардың саны туралы мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлібек Бақаевтың айтуынша, Сирияда қазір 30-дан астам қазақстандық азамат тұрып жатыр.

"30-дан астам, қателеспесем, 33 Қазақстан азаматы. Одан көп емес. Біз олармен байланыстамыз.

Сирияда тұратын азаматтар бар. Негізінен әйелдер. Олар бұрын Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, сол жақта бала босанған. Революция кезінде біздің консулдық азаматтарымызбен байланыс орнатып, оларға Қазақстанға оралу мүмкіндігін ұсынған болатын.

Қайтамын деушілерге мүмкіндігінше көмектесеміз. Қайтқысы келгендер оралды, ал қалғандары сол жерде қалды. Біз оларға қолдау көрсетіп, үнемі байланыста боламыз", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Газа секторынан 129 адам, Ливаннан 69 азамат оралған.

"Біз тек Қазақстан азаматтарын эвакуциялаймыз деген кезде олардың арасында басқа елдің азаматы саналатын баласы бар адамдар да бар екенін ескерген жөн. Яғни ата-анасымен келген балалар да бар", - деді Бақаев.

СІМ өкілі Сирияда қанша қазақстандық қалғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.