jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттіктер ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлын күтіп алды (видео)

Нұрғиса Әділетұлы
Нұрғиса Әділетұлы. Фото: instagram.com/ shymkent_kelbeti

Шымкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Нұрғиса Әділетұлы туған жеріне оралды. Ел мақтанышын Шымкент әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды "Шымкент келбеті" басылымы.

Отандасымыз Бахрейннің Манама қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ұлттық құраманың спортшысы араға 10 жыл салып, 96 келі салмақты бағындырды. Осылайша Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс нәтижесі бойынша 388 (174+214) келі көтерді.

Айта кетейік, ел мақтанышы 2022 жылы Богота қаласында (Колумбия) өткен әлем чемпионатында күміс медаль, Азия чемпионаты бойынша 2021 жылы Ташкент қаласында (Өзбекстан) алтын медаль, 2022 жылы Манама қаласында (Бахрейн) қола медаль, 2023 жылы Чинджу қаласында (Оңтүстік Корея) күміс медаль иеленген еді. Әлем кубоктары мен халықаралық жарыстарда Нұрғиса жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, жүлдегер атанды.

"Әлем чемпионаты мен үшін өте сәтті өтті. Бүкіл белесте өзімді жақсы сезіндім. Жанкүйерлердің, қазақ елінің қолдауын сезіндім. Әр жарыс бізді шыңдайды. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Алдағы уақытта еліміздің туын әлемге таныта беремін", - дейді Нұрғиса Әділетұлы.

Шымкенттіктер ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлын күтіп алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.