Зектілері

Әкімдік өкілдері алматылықтарға Медеуге барудан уақытша бас тартуды ұсынды (фото)

Жарияланған күні:

Алматыдағы қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда қардың қалың түсуіне байланысты тұрғындарға сақтық танытып, Медеу мен Шымбұлаққа барудан уақытша бас тарту ұсынылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі қар тазалау жұмыстарына 603 арнайы техника мен 1034 жол жұмысшысы тартылғанын мәлімдеді. Жолдарда Epoka, Jetbroom сияқты 130 құм сепкіш техника жұмыс істеп жатыр.

Алматыдағы қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Әсіресе таулы аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі жолдарға мұзға қарсы материал себу үшін 28 құм сепкіш жұмылдырылды. Сонымен қатар 70 шағын техника тротуарларды, аялдамаларды және тұрақтарды тазалауға кірісті.

Алматыдағы қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

15-16 желтоқсан күндері жауған қардан кейін Алматының негізгі көшелерінде тазалау жұмыстары аяқталды. Соңғы төрт күнде қала аумағынан 45 500 текше метр қар шығарылған.

Әкімдік өкілдерінің "Қазгидромет" РМК болжамына сүйене отырып мәлімдеуінше, бүгін жаңа қар жамылғысының биіктігі 9 мм-ге дейін жетеді.

"Қаланың коммуналдық қызметтері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындарын жолдарда абай және мұқият болуға шақырамыз.

Алматыдағы қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ қар жауып біткенше "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына қарай жол жүруден уақытша бас тарту ұсынылады. Бұл тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу және көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайту мақсатында қажет", - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202804-almatylyqtarga-qar-tazalau-zhumystaryna-bailanysty-medeuge-barudan-bas-tartu-usynylady/