26 градус аяз, бұрқасын: Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты 22 желтоқсанда дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде аяз күшейіп, тұман, бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ертең, Астанада аяз күшейіп, кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.
Ал Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Қонаев қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.
Тұман Жетісу облысының таулы аудандарында да күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында оның екпіні 15-20 м/с барады. Түнде облыстың таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында да ертең қолайсыз ауа райы - батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында тұман, көктайғақ болжанады.
22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оның екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін.
Еліміздің орталығы Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оның күші 15-20 м/с жетеді.
Синоптиктердің болжамынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болу ықтималдығы жоғары. Жезқазған қаласын да қалың тұман басады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оның екпіні 15-20 м/с болса, кей уақыттарда 23 м/с барады деп күтілуде. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді..
Ертең, 22 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сол күні түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Қызылорда қаласында да ертең түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Болжам бойынша, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, ал Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында оның екпіні 15-20 м/с деп болжанады.
Елдің оңтүстігіндегі Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында оның күші 15-20 м/с барады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203223-qazaqstannyng-birqatar-aimaqtarynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/