jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық пойыздарда Wi-Fi қосылуы мүмкін

Вагон іші
Вагон іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин үкімет сағатында пойыздарда интернет қосу жөнінде сөз қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ростислав Коняшкин былтыр қазақстандық жолдардың бойында байланыс орнату бойынша талдау жүргізілгенін айтты.

"Талдау негізінде антенналық тірек құрылымдарын қосымша орнату қажет 243 нүктені анықтадық. Қазір әкімдіктер жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Қазірдің өзінде 80-ге жуығы іске асырылды. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардағы олқылықтар жойылады. Жергілікті маңызы бар жолдарға да талдау жүргізе бастадық, соның қорытындысы бойынша жоспарға енгізілмек", - деп сендірді ол.

Сондай-ақ пойыздарда байланыс жүйесі қашан іске қосылатынын айтты.

"Теміржол пойыздарында интернетті қолдану бойынша әртүрлі технологиялар талданды, біздің спутниктік жүйелеріміз талшықты-оптикалық байланыс желілеріне негізделген. Ең дұрыс нұсқа – төмен орбиталық спутниктер арқылы интернетке қосылу. Қазіргі уақытта OneWeb компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қаңтар айында біз ҚТЖ-мен бірлесіп пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, соның нәтижелері бойынша ұсынылатын сапа мен тарифтер қаншалықты көңілімізден шығатыны туралы шешім қабылданады, сәйкесінше, одан әрі масштабты кеңейту үшін шешім қабылданады", - деп қорытындылады сөзін вице-министр.

Қазақстандық пойыздарда Wi-Fi қосылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.