jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мәдиев Талғардағы қайғылы оқиға кезінде "боттар шабуылдады" деген мәліметті жоққа шығарды

TikTok
TikTok. Көрнекі фото: NurPhoto/Getty Images

Үкіметтің сейсенбідегі брифингінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Талғардағы қайғылы жағдай кезінде TikTok әлеуметтік желісінде боттар белсенділігі артты деген мәліметке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін Кибершабуылды зерттеу және сараптау орталығы Талғардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстанда боттар ұясының ерекше белсенділігі анықталды деп мәлімдеген.

Атап айтқанда, орталық осы оқиға барысында TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде Алматы мен басқа да қалаларда митинг болып жатқаны туралы фейктер пайда болған, ол үшін қаңтар оқиғасындағы видеолар қолданылған деп жариялаған.

Бүгін, 24 желтоқсанда, үкімет брифингіне қатысқан цифрлық даму министрі осы мәліметті TikTok өкілдерімен талқылағанын айтты.

"Платформалар бот-фермалармен өз бетінше күреседі. Қолданушылармен жасалатын келісімге қарасаңыз, онда осы компаниялар боттар ұясына тыйым салған. Олардың жасанды интеллекті боттар белсенділігін анықтаса, ол аккаунттарды автоматты түрде бұғаттайды.

Жақында кибершабуыл орталығы таратқан мәліметті алар болсақ, мен TikTok өкілдерімен - аймақтағы директорымен талқыладым. Олар бот-фермасы болып көрінген аккаунттар бір-бірімен байланысты емес екенін айтты. Олар боттар бірге әрекет етті деген мәліметті растамады. TikTok-тың нақты дәлелі менде бар", - деп мәлімдеді Жаслан Мәдиев.

Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат 4 қазанда Талғардағы жанжал барысында қаза тапты. Осы іс аясында 11 адам ұсталды.

12 қазанда марқұм отбасының үйін өртеп кетті.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды. Полиция ол өз-өзіне қол жұмсады деп есептейді.

Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімі кезінде Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Ол бұзақылық әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды.

Кейін Қаржаубай Нұрымовтың үстінен бөтен адамның мүлкін бүлдіргені үшін қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.