Тұман түседі: Астана мен еліміздің бірқатар облысында ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

Синоптиктер 25 желтоқсанға арналған ауа райын болжады. Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласында 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.
Алматыда 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда 25 желтоқсанда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда 25 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 25 желтоқсанда тұман күтіледі.
25-26 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда 25-26 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204417-tuman-tusedi-astana-men-elimizding-birqatar-oblystarynda-eskertu-zhariialandy/