Ақтаудағы ұшақ апаты: елордадан санитариялық авиация борты келді
Жарияланған күні:
Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы келіп қонды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.
Қазіргі уақытта Маңғыстау көпбейінді ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілген. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бар. Ол зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
"Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.
Ауруханаға жеткізілген 27 ауыр пациенттің 11-і жансақтау бөліміне жатқызылды. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, оларға операция жасау жоспарлануда", - делінген министрлік хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205128-aqtaudagy-ushaq-apaty-elordadan-sanitariialyq-aviatsiia-borty-keldi/