Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтауды сұрады: "Астана LRT" экс-басшысының адвокаты үкімге шағымданды

Жарияланған күні:

Талғат Ардан77
Фото: "Астана LRT" компаниясының ресми сайты

Астанада "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасының ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 11 қарашадағы үкімімен Ардан Т. ауыр зардаптарға әкелген қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы) сырттай кінәлі деп танылды.

Бұған дейін Ардан Т. 2023 жылғы 3 мамырда, ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Екі қылмыстың жиынтығы негізінде, ол мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Ардан Т-ның "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған кезінде LRT құрылысы жобасын бұзып, мемлекеттік даму банкінен алынған 257,6 миллион АҚШ долларын (85,9 миллиард теңге) мақсатсыз пайдаланғанын анықтады. Бұл сома қайтарылмай, жоба құрылысы тоқтап қалған. Оның әрекеттері "City Transportation Systems" ЖШС-ге аса ірі көлемде материалдық шығын келтірді.

Сот үкімімен келіспеген сотталушының адвокаты апелляциялық шағым түсіріп, оны ақтауды сұрады.

"Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, өйткені сотталғанның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да материалдармен дәлелденді", - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205393-ony-aqtaudy-surady-astana-lrt-eks-basshysynyng-advokaty-ukimge-shagymdandy/