Сотталған күйеуіне кездесуге барған астаналық әйел тергеуге алынды
Жарияланған күні:
Астана тұрғыны есірткі қылмысы үшін сотталған күйеуіне тыйым салынған заттарды өткізгісі келді деген күдікке ілінді. Бұл туралы деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ішкі істер министрлігінің медиа-порталында жарияланған ақпарат бойынша, 25 желтоқсанда Гранитный кентінде орналасқан ҚАЖ мекемесінде сотталғандардың біріне тыйым салынған заттарды алып өту фактісі анықталған.
"Тергеу барысында Астана тұрғынының есірткі қылмысын жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан күйеуіне ұзақ мерзімді кездесуге келгені белгілі болды.
Тексеру кезінде мекеме қызметкерлері әйелден тыйым салынған зат тауып,тәркіледі, болжам бойынша, ол синтетикалық есірткіні күйеуіне бермек болған. Алынған зат оның құрамы мен салмағын анықтайтын сараптамаға жіберілді", - делінген ІІМ хабарламасында.
Бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің жұбайы дәл осы бап бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылған.
Сараптама қорытындысын алғаннан кейін полиция қызметкерлері процессуалдық шешім қабылдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205491-sottalgan-kuieuine-kezdesuge-bargan-astanalyq-aiel-tergeuge-alyndy/