Жаңа жыл қарсаңында "Отбасы банк" салымшылары Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінен жаңа баспаналарының кілтін алды
Жарияланған күні:
"Отбасы банкінен" салым ашып, тапжылмай қаражат жинап, діттеген арманына жеткен алматылықтар мерекелік шара барысында жеке пәтерлерінің кілттерін алды. Салтанатты шараға "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қатысып, баспана алған тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
"Құрметті салымшылар! Биылғы жылдың соңында сіздер баспаналы болып отырсыздар. Барлықтарыңызды жаңа қоныстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Биыл "Отбасы банк" үшін табысты жыл болды. Араларыңызда алғаш рет өз пәтеріне жеткендер мен өз мүмкіндігін одан әрі арттырып баспаналы болған жандар бар. Біздің банк арқылы алға қойған мақсаттарыңызға жеткендеріңізге қуаныштымын. Бүгінгі күн естеріңізде мәңгі сақталуы үшін салтанатты шараны арнайы ұйымдастырдық. Жаңа үйлеріңіз бақыт пен қуанышқа толы болсын", - деді Ләззат Еркенқызы.
Шара барысында жиналғандарға "Отбасы банкінің" алдағы жылға арналған бағдарламалары таныстырылды. Сондай -ақ "Ақкент" тұрғын үй кешенінің жоспары көрсетілді. Келушілер банк қызметі туралы сұрақтарын қойылып, қаржы құрылымының мамандарынан кеңес алды.
Алматы қаласы "Отбасы банк" АҚ Филиалының директоры Данагүл Түсіпованың айтуынша, "Отбасы банк" арқылы баспаналы болғысы келетін салымшылардың қатары күн сайын артып келеді.
"Биылғы жыл "Отбасы банк" оның ішінде Алматы филиалы үшін, жалпы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықтарға толы болды. Ең алдымен айта кететінім, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен "Наурыз" атты жаңа бағдарлама іске асырылды. Соның арқасында бүгінде он мыңнан астам отбасы баспаналы болды. "Наурыз" бағдарламасы келесі жылы да жалғасады. Біздің бағдарламалар арқылы армандарыңызға жетіңіздер дегім келеді",- деді Данагүл Түсіпова.
"Отбасы банк" арқылы пәтер кілтіне ие болған кейіпкерлерімізді сөзге тарттық. Солардың бірі – Еркежан Байырханова. Ол "Ақкент" тұрғын үй кешені салынғалы бері "Отбасы банкінің" бірнеше бағдарламасына қатысып, ақыры армандаған баспанасына қол жеткізгенін айтады.
"Бұл менің "Жасыл ипотека" бағдарламасы арқылы алған үшінші үйім. "Ақкент" тұрғынүй кешеніндегі үйлер өте сапалы, аудан да сұранысқа ие. Барлық жағдай жасалған. Негізі алты жылдан бері үзбей "Отбасы банкінде" жинақ жинадым. Бұл баспаналы болуыма септігін тигізді. Сондықтан үйлі болғысы келетін жандарды "Отбасы банк" салымшысы болуға шақырамын",- деді Еркежан Байырханова.
Жақында бір бөлмелі пәтер иесі атанған Қарақат Тілекбай да "Отбасы банкінде" депозит ашып, салым жинағанының арқасында жеке шаршы метрлерге қол жеткізгенін айтады. Кейіпкеріміз небәрі он тоғыз жаста болса да, банк мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, баспаналы болған.
"Маған "Отбасы банктен" жинақ ашуыма ең алдымен ата-анам себепкер болды. Анам бұрыннан жинақ ашып, үзбей жинақты толтырып жүретін. Осылайша "Наурыз" бағдарламасы арқылы алғашқы баспанама қол жеткіздім. Әр адам өзінің баспанасы болғанын қалайды ғой. Мен үй алғысы келетін жандарға ең алдымен "Отбасы банкін" ұсынар едім. Банктің бағдарламалары тек мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндерге емес, әр саладағы маман иелеріне арналған. Сондықтан көп ойланбай, өз арманыңызға бір қадам болса да жақындағыңыз келсе, уақыт жібермей "Отбасы банкінен" жинақ ашып, әрекет ету керек", - деді Қарақат Тілекбай.
Жиында "Отбасы банкінің" "Жасыл ипотека", "Өз үйім", "Ұмай", "Алматы жастары", "Наурыз" сияқты бағдарламаларының шарттары таныстырылды. Бұл жобалар келер жылы да жалғасады.
*Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 1.1.111 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205518-zhanga-zhyl-qarsangynda-otbasy-bank-salymshylary-almatydagy-aqkent-turgyn-ui-kesheninen-zhanga-baspanalarynyng-kiltin-aldy/