Top.Mail.Ru

Зектілері

"Кісі өлтірді, гаражда есірткі лабораториясын ашты": Ақтөбеде студент пен оқытушы сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Фото: freepik.com

Ақтөбеде жеке гаражды есірткі лабораторясына айналдырып, қылмысын жасыру үшін адам өлтірген деп айыпталған студент пен мұғалім 19 жылға бас бостандығынан айрылды. Элиталық мектеп мұғалімі студентпен бірігіп, психотроптық заттар дайындап сатқаны белгілі болды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім оқылды. Сотталушылардың бірі – қаладағы элиталық мектептің 43 жастағы мұғалімі. Оған Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу", "Адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылды.

Екіншісі сотталушы 33 жастағы студент, ол сондай-ақ стоматологияда тіс технигі болып жұмыс істейді. Үйленген. Оған Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу", "Адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылды.

Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2023 жылғы наурыз бен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында болған. Сотта олардың Ақтөбе қаласындағы гараждардың бірін жалға алып, онда психотроптық заттарды дайындайтын жасырын лаборатория ұйымдастырғаны баяндалды.

"Ж" мен "С" заңсыз есірткі айналымына қатысты әрекеттері әшкере болудан қорқып, "Т-ны" өлтіруді ұйымдастырған. Оны оңаша жерге алдап апарып, пышақпен бірнеше соққы жасаған, өлтірген.

Сотталушылар тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілмек.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205528-kisi-oltirdi-garazhda-esirtki-laboratoriiasyn-ashty-aqtobede-student-pen-oqytushy-sottaldy/