Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары ұшақ апатын тергеуге қатыстырылады
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев брифинг кезінде ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары қатысып жатыр ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
(Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдарына – ред. ескертпесі) тыйым салуға келетін болсақ, мұның қайдан шыққанын білмеймін, бірақ мен мынаны айтайын. Бүгінде Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдары біздің тергеу-жедел тобымызда жоқ және тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Мұның барлығын Қазақстанның жедел-тергеу тобы, полиция мен прокуратура жүргізіп жатыр.
Олар ниет білдірді ме, айта алмаймын, бірақ олар Қазақстанға келді... және мүмкіндік бар жерде оларға қатысуға, тексеруге рұқсат береміз... егер заңнамаға қайшы келмесе, рұқсат етеміз", - деді Маңғыстау облысы көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев.
Бұл ретте Премьер-Министр Қанат Бозымбаев әңгіменің сот-медициналық сараптама туралы болып жатқанын қоса кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205698-resei-men-azirbaizhannyng-quqyq-qorgau-organdary-ushaq-apatyn-tergeuge-qatystyrylady/