Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарын кім жүргізіп жатыр

Жарияланған күні:

Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Фото: ТЖМ

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтаудағы брифинг барысында ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарын кім жүргізіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тергеумен арнайы комиссия айналысып жатыр. Оның құрамына Қазақстанның көлік министрлігінің көлік апаттарын тергеу департаментінің мамандары кірді. Оған қоса сарапшылар ретінде ұшақ ұшқан Әзербайжанның авиациялық сарапшылары, Бразилия елінің авиациялық билігінің мамандары, ұшақты жасап шығарған компанияның қызметкерлері мен ұшақ ұшып бару керек болған Ресей елінің сарапшылары қосылды.

Біз ИКАО халықаралық азаматтық авиация мамандарымен де тығыз байланыстамыз. Қазақстандық әуе компанияларының қауіпсіздік стандарттарына байланысты жоспардан тыс тексерістері басталды", - деді Қарабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205711-aqtaudagy-ushaq-apatyna-qatysty-tergeu-zhumystaryn-kim-zhurgizip-zhatyr/