jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін көмекке келген дәрігер алғашқы минуттарда не болғанын баяндады

    Ұшақ құлаған жердегі жұмыс
    Ұшақ құлаған жердегі жұмыс. Фото: ТЖМ

    Төтенше жағдайлар министрлігінің апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері Маңғыстаудағы ұшақ апаты болған жерге келгеннен кейінгі алғашқы әрекеттерін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнына алғаш келгендердің қатарында апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері Оспан Оразбеков болды. Ол әріптестерімен бірге зардап шеккендерге шұғыл түрде көмек көрсете бастады.

    "Оқиға орнына келгенде, алдымен ұшақтың артқы бөлігінде науқастардың жатқанын көрдік. Ең алдымен қауіпсіздік белдігінен ілініп, басы төмен, аяғы жоғары қарап тұрған адамды құтқаруға кірістік. Жүргізуші Қожабекпен бірге оны қауіпсіз жерге түсірдік. Барлығы 8 науқасты белдіктерінен босатып, қауіпсіз жерге шығардық", - деп еске алады дәрігер.

    Дәрігердің айтуынша, басты мақсат – қысылып қалған адамдарға жедел алғашқы көмек көрсету және құтқару жұмыстарын барынша жылдам атқару болды.

    Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

    25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңындағы әуе апаты орнына алғашқылардың бірі болып апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жеткенін жазған болатынбыз. Ерекше жанқиярлық танытқандар қатарында медицина орталығы бригадасының жүргізуші-санитары Қожабек Аллабергенов те бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.