jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

"Мерзімі өтіп кеткен": желіде әкімдіктердің балаларға берген жаңажылдық сыйлықтарына қатысты шу шықты

Жаңажылдық тәттілер
Жаңа жылдық сыйлық. Фото: pixabay.com

Желіде Жаңа жыл қарсаңында балаларға таратылған сыйлықтарға қатысты дау шығып жатыр. Бірінде тәттілердің мерзімі өтіп кетсе, енді бірінде ата-аналар сыйлыққа бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалғанына күмән келтірген. Мән-жайды KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

26 желтоқсанда Шымкенттің Оқушылар сарайында 180 жартылай және тұл жетім балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылған. Артынша желіде шарада таратылған тәттілердің мерзімі өтіп кеткені туралы ақпарат тарады. Аталған мәселеге Шымкент қаласы әкімдігі пікір білдіріп, желіде тараған ақпараттар бойынша тексерістер жүргізілгенін мәлім етті.

"Әлеуметтік желіде сол сыйлықтардың ішіндегі тәттілердің мерзімі өткендігі туралы видеолар тарады. Осыған байланысты таратылған жаңажылдық іс шараға келе алмаған 12 баланың сыйлығындағы тәттілердің мерзімі тексерілді.

Нәтижесінде жаңажылдық сыйлықтардың ішінде екі-үш тәттінің мерзімі өткендігі анықталған", - делінген әкімдіктің жауабында.

Жетісу облысында да әкімдіктің жағдайы жоқ және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға берген жаңажылдық сыйлықтарына қатысты сұрақтар туындаған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйел балаларға таратылған сыйлықтар бағасына сай еместігін айтып, ренішін білдірді. Видеоны Telegram-дағы HALYQSTAN арнасы таратқан. Бұл мәселе бойынша Жетісу облысының білім басқармасы ата-аналар шағымынан кейін жағдайды тексеру үшін жұмыс тобы құрылғанын мәлім етті. Тексеру нәтижесінде бір адам жұмыстан босатылған. Ведомство мәліметінше, сыйлықтарды Сарқан аудандық білім бөлімі сатып алған.

"Мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзғаны үшін бөлімнің бухгалтері қызметінен босатылды. Сарқан аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Сонымен қатар сыйлықтарды дайындаған қызмет көрсетушіге 27 желтоқсанға дейін барлық бұзушылықты жою, балаларға жаңажылдық сыйлықтарды қайта қарастырып, белгіленген стандарттарға сәйкестендіру тапсырылды", - делінген басқарманың видеоға қатысты берген түсініктемесінде.

"Мерзімі өтіп кеткен": желіде әкімдіктердің балаларға берген жаңажылдық сыйлықтарына қатысты шу шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.