10 жастағы қазақстандық оқушы екі тәулік Түркия әуежайында жалғыз қалған - Air Astana өкілі жауап берді
Жарияланған күні:
Қазақстандық 10 жасар бала футбол командасымен Түркиядағы футбол лагеріне барып, келеңсіз жәйттарға тап болған. Жас спортшы Анталия аэропортындағы транзиттік аймақтағы шетел азаматтарына арналған антисанитариялық бөлмеде екі күн бойы жалғыз қалуға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
2024 жылдың 21 желтоқсанында 10 жастағы бала футболшылар тобының құрамында Алматы-Анталия ұшағымен КС 915 рейсімен футбол лагеріне кеткен. Бұл туралы Реплика адвоката телеграмм каналы хабарлайды. Дереккөз мәліметінше, бала ересек адамсыз ұшқандықтан, оның қауіпсіздігіне Air Astana компаниясы жауап береді.
«Тіркеуден өту, қол-жүктерін тексеру және ұшаққа отырғызу кезінде баланың мойнына арнайы сөмкеге салынған барлық қажетті құжаттары болған. Түркияға жеткен кезде бала өзінің халықаралық төлқұжатының жоғалып кеткенін біліп, бұл туралы Эйр Астана қызметкеріне хабарлаған, бірақ төлқұжат табылмаған»- дейді пікір иесі.
Нәтижесінде төлқұжаты жоқ бала Түркияда паспорттық шекаралық бақылаудан өте алмай, депортациялау үшін арнайы бөлмеге орналастырылған көрінеді.
«Бала екі күн бойы, яғни 21 желтоқсанынан 23 желтоқсанына дейін әуе компаниясының өкілдерінсіз депортация бөлмесінде жалғыз болған. Баланы жалғыз өзі тастап кеткен. Бұл уақытта бала транзиттік аймақта тұрып қалғандықтан, ол жерге ешкімді кіргізбегендіктен, жарыс ұйымдастырушылары балаға балаға қарай өте алмаған. Осы уақыт бойы небәрі 10 жастағы бүлдіршін неліктен мұндай жағдайға тап болғанын түсіне алмай жылаған. Шет тілін білмегендіктен біраз қиналған. Шекаралық бақылау қызметкерлерінің, полиция мен әуежай қызметкерлерінің сөзін түсінбеген.
Таратылған ақпартта баланың мүддесін қорғауға авиакомпания тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегені айтылады. Баланың анасы онымен байланыста болған, бірақ бала түркиялық мамандарға әуе компаниясының қорғауынсыз және өкілдігінсіз жалғыз қалғанын нақты түсіндіре алмаған көрінеді.
«Бала ересексіз өзі ұшатын қызметін сатып алған, яғни алып жүруге Air Astana жауап береді. Баланың анасымен бірге біз Анталиядағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы өкілдерімен хабарластық. Екі күннен кейін ғана оған Қазақстанға оралу үшін уақытша құжат берілді. «Эйр Астана» өкілдері сол кезде қайда болды? Неліктен авиакомпания өкілдерінің ешқайсысы шығып, балаға көмектеспеді?»- делінген дереккөзде.
Анталия әуежайында орын алған жағдайға қатысты «Эйр Астана» туралы түсініктеме берді.
"Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларды тасымалдаудың халықаралық нормаларын қатаң сақтайды. Балаларды алып жүру қызметі заңды өкілден баланы қабылдауды, ұшу кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және ұшып келген кезде заңды өкілге беруді қамтиды. Бұл ретте құжаттар мен жеке заттар үшін жолаушының өзі жауапты. БАҚ-та жарияланған оқиғаға байланысты әуекомпания Анталия әуежайындағы төлқұжат бақылауында бір топ балалармен жүрген баланың төлқұжатының жоқ болғаны анықталған. Рейске ресімдеу кезінде құжат жолаушыда болды, бұл бейнежазбамен расталады. Әуекомпания қызметкерлері төлқұжатты өз бетімен іздеді, бірақ, өкінішке орай, құжат табылмады. Әуекомпания ҚР консулдығын болған оқиға туралы жедел хабардар етті"- делінген ресми хабарламада.
Компанияның мәлімдеуінше, депортациялау туралы шешімді қабылдаушы елдің көші-қон қызметі қабылдайды. Сондай-ақ, баланы ұстау шарттарын Түркияның көші-қон қызметі белгілейді. Өз тарапынан әуекомпания баланы үш реттік тамақпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз еткенін және жағдайды тез арада шешу үшін ҚР консулдығымен және Түркияның көші-қон қызметімен тұрақты байланыста болғанын алға тартады.
"Бұл жағдайда әуекомпания көші-қон қызметінің ұйғарымын орындауға міндетті және ол орындалды: бала Қазақстанға жақын арада тікелей рейспен қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті пайдаланылды. 25 желтоқсанда, екі күннен кейін, бала жаңа билет бойынша алып жүрушісі жоқ жолаушы ретінде Түркияға қайтадан ұшып кетті"- дейді компания өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205972-10-zhastagy-qazaqstandyq-oqushy-eki-taulik-turkiianyng-deportatsiialau-bolmesinde-zhalgyz-qalgan-air-astana-okili-zhauap-berdi/