jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте бір мектепте 13 жұп егіз оқиды (видео)

Егіз балалар үлкендермен
Егіз балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бір мектепте 13 жұп егіз оқиды. Олар мегаполистің демографиялық өсімінің айқын көрінісі іcпеттес. №138 жалпы орта білім беру ошағында тәлім алатын оқушылар әртүрлі сыныпта білім алып жүр. Мектеп ұжымы жаңа жыл кешінде егіздерге ерекше құрмет көрсетіп, мерекелік тарту жасады, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, №138 мектеп Асар-2 мөлтекауданында орналасқан. Елдімекенде көпбалалы отбасылар көп. Мектеп директорының арнайы сыйлығын алған балалар да сол әлеуметтік отбасылардың мүшесі. Жаңа жыл кешін ерекше қарсы алған балғындардың қуанышы ерекше.

Білім ошағында 2000-дай бала сапалы біліммен қамтылып отыр. Үш жыл бұрын 600-ге жетер-жетпес оқушымен басталған жұмыс бүгін нәтижесіз емес. Өткен оқу жылында 180 бала мектеп табалдырығын аттаған болса, биыл 200-ден аса балғын бірінші сыныпқа қабылданған.

Жаймашуақ күнімен, меймандос халқымен ерекешеленген Шымкент қашанда оқ бойы озық қалалардың қатарында. Миллионды шаһарда жыл басынан бері 26574 сәби дүниеге келген. Оның 12950-і қыз. 13624-і ұл балалар. Сондай-ақ 293 егіз, 6 үшем дүние есігін ашқан.

Шымкентте бір мектепте 13 жұп егіз оқиды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.