jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы әуежайы өкілдері жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы халықаралық әуежайы екінші қабаттағы ұшу аймағына кіру үшін екінші пандус ашылғанын мәлімдеді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасында пайда болған ақпаратына сай, Алматы халықаралық әуежайы ұшып кету аймағына көтерілуді жеңілдету мақсатында 2-қабатқа көлікпен шығуға арналған екінші пандус ашылған.

Әуежай аумағына кіру Майлин көшесі және Ахметов көшесі арқылы жүзеге асырылады.

"Екінші пандус жолаушылар мен әуежай қонақтарына 2-қабаттағы ұшып кету аймағына жылдам әрі ыңғайлы кіруді қамтамасыз ету үшін жасалған", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайы өкілдері жолаушылар мен оларды күтіп алып, шығарып салатын қала тұрғындарына үндеу жасаған еді.

Әуежайдың баспасөз қызметі Ахметова көшесінен 2-қабаттағы жөнелту аймағындағы пандусқа қосымша кіреберіс ашылғанын хабарлады.

Алматы әуежайы өкілдері жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.