2024 жылы елімізде балаларға қойылған ең танымал есімдер белгіл болды
Жарияланған күні:
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы балаларға қойылған ең танымал есімдердің тізімін шығарды. Бұл туралы бюросының ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы танымал сервистің бірі арқылы енді пайдаланушылар сәбилерге ең көп және аз қойылған есімдер туралы толыққанды ақпарат ала алады. "Бұған дейін бөлім тек белгілі бір жыл мен ай ішінде туған ұлдар мен қыздар арасындағы танымал 10 есім туралы ақпарат беріп келген. Қазіргі уақытта кеңейтілген функционал арқасында пайдаланушылар аймен қатар, тоқсан, жарты жыл, жыл немесе нақты уақыт аралығын таңдай алады. Сондай-ақ пайдаланушылар енді туған сәбилерге қойылған ең танымал/сирек есімдері бойынша ТОП-50 тізімін ұлттар мен өңірлер бойынша қарай алады", - делінген хабарламада. Өткен жылмен салыстырғанда биыл ұлдар есімі арасында болмашы өзгеріс бар. Нұрислам есімі алғашқы ондықтан шықты. Ал соңғы 10 жыл бойы бірінші орында тұрған Әлихан есімін Мұхаммед есімі ығыстырды.
Ұлдар арасында көп таралған 10 есім:
- Мұхаммед
- Айсұлтан
- Әлихан
- Мұхаммад
- Омар
- Алдияр
- Әмір
- Алан
- Әли
- Хамза
2024 жылы қыздар арасында Мәриям есімі тізімнен Әмина есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа енді.
Қыздар арасындағы ТОП-10 есім:
- Айлин
- Медина
- Асылым
- Айша
- Томирис
- Аяла
- Айым
- Раяна
- Сафия
- Мәриям
Қызмет функционалының кеңеюі арқасында пайдаланушылар танымал есімдердегі өзгерістерді зерттеп, трендтерді және Қазақстандағы есімдерді таңдау мәдени ерекшеліктерін талдай алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206131-2024-zhyly-elimizde-balalarga-qoiylgan-eng-tanymal-esimder-belgil-boldy/