Түркістан облысында миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды
Жарияланған күні:
![Ұсталған блогер Ұсталған блогер](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/62103540c7ba9506.jpeg)
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
"Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен".
Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк карточкасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды", - делінген хабарламада.
Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік парақшаларын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206169-turkistan-oblysynda-million-tengge-bopsalagan-bloger-ustaldy/