Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынықтар ішке кіріп кеткен": апатқа ұшыраған Embraer рейсінің тірі қалған бортсерігі алғаш рет сұқбат берді

Жарияланған күні:

Айдан Рахимли
Айдан Рахимли. Видеодан кадр: oxu.az

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі төтенше жағдай туралы айтты. Сұқбат барысында ол оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Oxu.az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тоқаев пен Путин Атыраудағы ұшақ апатына байланысты телефон арқылы сөйлесті

Әзербайжан Xəzər Xəbər телеарнасы Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі Айдан Рахимлиден сұқбат алды. Oxu.Аz басылымы Рахимлидің сөзінің орыс тіліндегі нұсқасын жариялады.

Ол соққы кезінде тағы бір бортсерік Зульфугар Асадовтың сол қолынан жарақат алғанын атап өтті.

"Мен оған көмектесуге тырыстым. Біз ұшақтың артқы жағына барып, бортсеріктерге арналған жерге отырдық. Оттегі маскасын тақтық, оған алғашқы көмек көрсеттім", - деді ол.

Рахимли оттегі баллонының жарылуы туралы ақпаратқа да тоқталды.

"Сынықтар ұшақ ішіне кіріп кеткен. Оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат жалған. Оттегі баллоны жарылса, біз тірі қалмайтын едік", - деп атап өтті ол.

Еске салсақ, Azerbaijan Airlines әуе апатының алдын ала тергеу нәтижесін жариялағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206193-synyqtar-ishke-kirip-ketken-apatqa-ushyragan-embraer-reisining-tiri-qalgan-bortserigi-algash-ret-suhbat-berdi/