Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қазақстанға CENIPA өкілдері ұшып келді

Жарияланған күні:

CENIPA өкілдері
CENIPA өкілдері. Фото: t.me/kolikpress

Ақтауға CENIPA – Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы өкілдері келді. Бұл жөнінде Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тоқаев пен Путин Атыраудағы ұшақ апатына байланысты телефон арқылы сөйлесті

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді.

"Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды", - делінген министрлік хабарламасында.

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) - азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлы Ақтау маңында болған ұшақ апатын тергеуге түрік мамандары көмектесетінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымы да (ИКАО) Қазақстанға сарапшысын жіберуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206329-aqtau-mangyndagy-ushaq-apaty-qazaqstanga-cenipa-okilderi-ushyp-keldi/