Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден оқ атылған": Әзербайжан президенті Ақтау маңындағы ұшақ апатының нұсқасын атады

Жарияланған күні:

Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: Omer Messinger/Getty Images

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін айтты. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлайды.

"Әрине соңғы нұсқасы қара жәшіктерді ашқаннан кейін белгілі болады. Бірақ бастапқы нұсқалар да жеткілікті түрде дәлелденген және фактілерге негізделген. Әзербайжанның азаматтық авиация ұшағы Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымдалып, іс жүзінде басқарудан айырылғаны – факт. Сондай-ақ біздің ұшағымыз электронды соғыс арқылы басқарылмайтын күйге келтірілгенін білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы залал", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ жерден жауған оқтың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі де қатты зақымдалғанын айтты.

Кеше, 29 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев пен бірінші ханым Мехрибан Алиева Баку халықаралық әуежайында өтіп жатқан Баку-Грозный рейсін орындаған ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерімен қоштасу рәсіміне қатысқанын еске саламыз.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ Ресей Тергеу комитеті осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206461-ilham-aliev-aqtauda-qulagan-ushaq-zherden-atqylau-saldarynan-zaqymdaldy/