Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтаудағы апат: Ресей авиациясы басшысы мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров
Дмитрий Ядров. Видеодан алынған кадр: tass.ru

Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Ядров Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

"Ресей тарапы Ақтау маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырауына байланысты, қазақ және әзербайжан әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеу ісінде әріптес болуға толықтай дайын екенін бірден хабарлады. Болған оқиғаның анық-қанығын мұқият әрі толық тексеру керек", - дейді федералдық мекеме басшысы.

Ядров ұшақ апаты болған уақытта Грозный қаласы аумағында ахуал кұрделі болғанын айтты.

"Әуе апаты болған сағатта Грозный маңында жағдай күрделі еді: украин дрондарының Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымдарға террористік шабуылдарынан "ковер" жоспары енгізілген.

Грозный әужайында қою тұман түскен – 500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген. Ұшақ командирі екі мәрте қонуға талпынып көрді. Содан кейін оған басқа да әуежайлар ұсынылды, бірақ ол ұшақты Ақтауға қарай бұрған жөн деп шешті", - дейді Ядров.

Бейнеүндеу соңында федералдық кәсіпорын басшысы Ресейдің Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне ұшақ апатын тергеуге көмектесуге дайын екенін тағы қайталап өтті.

27 желтоқсанда Әзербайжан бас прокуратурасының қызметкерлері ұшақ апаты себебін тексеру мақсатында Шешенстан астанасына барғанын хабарлады.

Бұған қоса, жұма күні Ақтау қаласына Бразилиядан Embraer конгломератының өкілдері келгені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206098-aqtadagy-apat-resei-aviatsiiasy-basshysy-malimdeme-taratty/