jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Астанада мерекелік отшашуды қай жерден тамашалауға болады

Жаңажылдық отшашу
Жаңажылдық отшашу. Көрнекі сурет: pexels.com

31 желтоқсанда Астана тұрғындары мерекелік отшашудың куәсі болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астанада 31 желтоқсанда түнгі сағат 00.00-де жаңа жыл құрметіне мерекелік отшашу шашылады. Әкімшілік мәліметінше, ол демеушілер қаражат есебінен ұйымдастырылады.

"Отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады", - деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Бұған қоса, Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

"31 желтоқсанда кешкі сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорда алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар мерекелік концерт береді.

Бұған қоса, мерекелік бағдарлама Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, "Промышленный" елдімекені және "Көктал" саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

Астанада мерекелік отшашуды қай жерден тамашалауға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.