Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте үздік тәртіп сақшысы марапатталды

Жарияланған күні:

Ғабит Сыздықбеков пен Бауыржан Карбеков
Ғабит Сыздықбеков пен Бауыржан Карбеков. Фото: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте Жастар ресурстық орталығында қаланың дамуына үлес қосқан және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты жиында қаланың ең белсенді жастары әртүрлі номинация бойынша марапатталды.

Олардың қатарында Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков бар.

Бауыржан Карбеков қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күрестегі жоғары жетістіктері үшін "Үздік жас полиция қызметкері" номинациясына ие болды. Ол ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарады.

Одан бөлек полиция майоры 2020 жылы ішкі істер министрінің "Үздік" омырау белгісімен, 2023 жылы ішкі істер министрінің "Құрмет грамотасы" иегерімен, Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының, қала прокуратурасы мен әкімдігінің бірқатар алғыс хаттарымен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206940-shymkentte-uzdik-tartip-saqshysy-marapattaldy/