Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың "қара жәшігін" Бразилияға жіберді
Жарияланған күні:
Қазақстан Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Бұл туралы Көлік министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Министрлік мәліметінше, Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті.
"Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі", - делінген хабарда.
Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan airlines ұшағының борттық өздігінен жазғыш деректерін (қара жәшіктері) Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберілетінін хабарлаған едік.
Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшіктерін" CENIPA-ға жеткізу және оқу әзербайжандық мамандардың қатысуымен өтетіні белгілі болды.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan airlines ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан бортта болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында алты қазақстандық та бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206962-qazaqstan-borttyq-ozdiginen-zhazgyshtardy-braziliiaga-zhiberdi/