jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада жаңа жыл қарсаңында екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

Қар тазалайтын техника
Фото: t.me/astana_newss

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олар үздіксіз күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Астана әкімдігінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 31 желтоқсан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,6 мыңнан астам жол жұмысшылары мен 1346 бірлік арнайы техника шыққан. 31 желтоқсанға қараған түні 1 829 ауыр жүк рейсімен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Айта кетейік, қысқы маусымның басынан бастап полигондарға 157 мыңнан астам рейспен 2 042 267 текше метр қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласу қажет.

Астанада жаңа жыл қарсаңында екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.