jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Елдің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

Көлік қозғалысы
Көлік қозғалысы. Көрнекі сурет: Harald Tittel/picture alliance via Getty Images

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 04:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілген:

Қостанай облысында:

  • а/ж "Екатеринбург-Алматы" 683-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін);
  • а/ж "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • а/ж "Екатеринбург-Алматы" 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан-Тоқсан би ауылына дейін).

Ақмола облысында:

  • а/ж "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 232-260 шақырым аралығында ( Қостанай облысының шекарасынан -Сұрған ауылына дейін);
  • а/ж "Жақсы-Есіл-Бұзылық" 71-82 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан-Бұзылық ауылына дейін).
  • а/ж "Жезқазған-Петропавл" 537-553 шақырым аралығында (Бұзылық ауылынан-Сұрған ауылына дейін).
  • Көлік қозғалысы 2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 08:00-де ашылды.

Елдің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.