jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында жаппай жол апатына түскен көліктер саны 95-ке жетті

Ақмола облысындағы тасжол
Ақмола облысындағы тасжол. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Ақмола облысында "Астана-Петропавл" тасжолында жаппай жол апатына түскен көліктер саны 95-ке жетті. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметіне сүйенсек, 3 қаңтар сағат 07:20-да ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған.

"Ауа райының жақсаруына және жолды тазалауға байланысты сағат 12:30-да полиция департаментінің қызметкерлерінің және "ҚазАвтоЖол" компаниясының арнайы техникасының сүйемелдеуімен Астана қаласына қарай қозғалыс жүргізілді.

Алайда алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушлердің тарапынан жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақталмауына байланысты сағат 13:28-де автожолдың 153 шақырымында (Жаңаталап ауылының маңы) 95 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция департаментінің және "ҚазАвтоЖол" компаниясының мамандары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда бір жолақ тазаланып, жүруге жарамды көліктер қозғалысты бастаған.

Аталған жол учаскесінде 22 кешенді жол машинасы мен 2 трактор жұмыс істеуде. Қазіргі таңда оқиға орнында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол қызметі тәулік бойы жолды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында жаппай жол апатына түскен көліктер саны 95-ке жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.