jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Астана-Петропавл тасжолының бір бөлігі барлық көлік түрі үшін жабылды

Қар басқан тасжол
Қар басқан тасжол. Көрнекі фото: instagram.com/qaj_sko

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана-Петропавл тасжолының бір бөлігі жабылғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Министрлік 2025 жылғы 4 қаңтар сағат 08.00-дегі жағдай бойынша автожолдарда қозғалысты шектеу туралы ақпарат жариялады.

"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жел, нашар көру) байланысты "Астана-Петропавл " автожолының учаскесі (18-232 км, Астана қаласы-Щучинск қаласы) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық", - делінген хабарда.

Министрлік мәліметінше, қазір жылыту пунктінде 118 адам, оның ішінде 42 бала бар.

Еске салсақ, 3 қаңтарда Ақмола облысында тасжолда 95 көлік соқтығысқан болатын. Салдарынан 11 адам зардап шекті.

Астана-Петропавл тасжолының бір бөлігі барлық көлік түрі үшін жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram