jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтар мен көшелер құрылысы аяқталады

Алматы қаласындағы жолайрықтар
Алматы қаласындағы жолайрықтар. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі биыл оңтүстік астанада қандай жолайрық салу мен қай көшелерді ұзарту жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің Telegram-дағы арнасындағы мәлімет бойынша биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады.

"Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.

Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40 пайызға төмендейді", - делінген хабарламада.

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отырғаны мәлім етілді.

Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтар мен көшелер құрылысы аяқталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.