Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте әскери қызметшілер ерлікпен қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Жарияланған күні:

Сарбаз киімі
Сарбаз киімі. Көрнекі сурет: gov.kz/memleket

Шымкентте №6506 әскери бөлімде оқу ерлікпен қаза тапқандарды еске алумен басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, биыл 5 қаңтарда Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа оқу кезеңінің ашылуына мұқият дайындық жүргізілді, оның барысында оқу-материалдық базаны, сабақ өткізу орындарын сапалы дайындауға ерекше назар аударылды.

Әскери бөлімнің саптық алаңында жаңа оқу кезеңінің басталуына арналған митинг өткізілді.

Бригада командирі полковник Марат Рахпанов жеке құрамға кіріспе сөзінде бүгінгі таңда жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейі құқықтық тәртіп әскерімен міндеттерді орындауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Бұл міндеттерді кәсіби дайындалған әскери қызметшілерсіз орындау мүмкін емес. Осылайша оқу процесіне және сабақтарды өткізуге жауапкершілікпен қарау керек", - деді ол.

Сондай-ақ іс-шара аясында әскери қызметшілер қаңтар оқиғалары кезінде ерлікпен қаза тапқан мерзімді қызмет сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Ұлттық ұланның Қызылорда қаласында №5547 әскери бөлімінде, ал Айбат Аманов №Талдықорған қаласында 5514 әскери бөлімінде қызмет еткен. Аталған әскери қызметшілер көрсеткен ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен және "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208368-shymkentte-askeri-qyzmetshiler-erlikpen-qaza-tapqan-sarbazdardy-eske-aldy/