Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертіс өзеніне құлап кеткен көлік судан шығарылды (видео)

Жарияланған күні:

Ертіс өзеніне құлап кеткен көлік шығарылды
Ертіс өзеніне құлап кеткен көлік шығарылды. Видеодан кадр: ТЖМ

Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері әскери бөлімнің инженерлік техникасының көмегімен суға батып кеткен автокөлікті алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен судан батып кеткен автокөлікті алып шықты", - делінген хабарламада.

Екі адамды іздестіру жұмыстарына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кеткенін жазған едік. Сол кезде полиция іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

ТЖМ ақпаратынша, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік жүргізушісі бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті. Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208696-ertis-ozenine-qulap-ketken-kolik-sudan-shygaryldy-video/