jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда курьерлерге талап күшейтілді

Курьер
Курьер. Көрнекі сурет: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тамақ жеткізу қызметіне қатысты жаңа стандарттар күшіне енеді. Енді курьерлер медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан стандарттау және метрология институтының бастамасымен ҚР СТ 3988-2024 "Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар" құжатын бекітті.

Жаңа стандартқа сәйкес:

  • Медициналық талаптар: Курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы қажет. Сондай-ақ, олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге міндетті.
  • Мінез-құлық ережелері: Курьерлер жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтауы керек.
  • Қаптаманың сапасы: Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

Қабылданған стандарттар мейрамхана, кафе, логистикалық компаниялар мен курьерлік қызметтердің жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, жаңа стандарттар қоғамдық тамақтандыру саласында талаптардың ашықтығы мен бірізділігін қамтамасыз етеді және бұл саладағы қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Қазақстанда курьерлерге талап күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.