jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Жарық лампасы
Жарық лампасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында электр тогы тартылған 76 бағана құлап, Ақсу және Сабындыкөл ауылдары жарықсыз қалды. Бүгінде қайта орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, Мұғалжар ауданында бастапқыда 6 ауылда жарық болмаған. Бірінде жалғанса, бірінде сөніп қалған. Қазіргі уақытта Ақсу мен Сабындыкөл ауылдарындағы бағананы қайта орнату жұмысы жүріп жатыр. 

"Ақсу ауылында 16, Сабындыкөлде 60 бағана құлады. Сабындыкөлде шамамен 9 шақырым болады. Қазіргі кезде "Энергосистема" ЖШС-і 2 бригада мен кранын жіберді. Бүгін Ақсу ауылындағы жұмысты аяқтаса, ертең Сабындыкөлдегі жұмыс басталады. Ақсуда 4 күннен бері жарық болмады. Бүгін генераторды іске қостық. Мұнда 200 адам тұрады. Ал Сабындыкөлде жарық тек бір күн болмады. Бұл ауылда 22 үйде 100-ден астам адам тұрады. Алдағы екі күнде бар жұмыс аяқталады",- деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

Оның айтуынша, күн күрт жылып, даланы қою тұман басқан. Кейін шық секілді мұз қатып, қалыңдай түскен. Диаметрі 15 см болатын мұзды көтере алмаған сым мен бағана құлады.

"Әлеуметтік нысандардың бәрінде генератор бар. Былтыр бәрін жанар-жағармаймен де қамтамасыз еттік",- Ермағамбетов.

"Энергосистема" ЖШС-і баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1-6 қаңтар аралығында далалыққа және шалғай елдімекендерге 72 бригада, 418 маман, 153 бірлік техника жұмылдырылды. 

"Сымдарға мұз қатып, электр қуатын қалпына келтіру жұмысы ұзаққа созылды. Өйткені желіні мұздан тазарту үшін механикалық әдіс қолданылды. Мекеме мамандары тәулік бойы күшейтілген режимдегі жұмысты тоқтатпайды. 30 желтоқсан күнінен бастап тынымсыз жұмыс істеп жатыр. "Энергосистема" ЖШС-нің күшейтілген жұмыс тәртібі 8 қаңтарға дейін жалғасады", - деп хабарлады "Энергосистема" ЖШС-і өкілдері.

Ақтөбе облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.