Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстан паспорты халықаралық рейтингте бір сатыға көтерілді

Жарияланған күні:

Қазақстан паспорты
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2025 жылғы Global Passport Power Rank жаңартылған нәтижелері жарияланды. Онда Қазақстан бір сатыға жоғарылап, 52-орынға жайғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталмыш рейтинг елдердің төлқұжаттарының визасыз кіру мүмкіндіктері бойынша бағаланады. Биыл Қазақстан 95 мемлекет арасында 53-орынғе ие болды. Алдыңғы жылы ел 54-орында болған еді.

Қазақстандық төлқұжат иелері қазір 46 елге визасыз бара алады, ал тағы 50 елде шекарадан өткен кезде виза рәсімдеуге мүмкіндік бар. Қалған 102 мемлекетке бару алдын ала виза алуды талап етеді. Осылайша, ел төлқұжатының жалпы ұтқырлық көрсеткіші 95 ұпайға тең.

Рейтингте Біріккен Араб Әмірліктері көш бастап тұр. Олардың төлқұжаты 180 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді. Испания 179 ұпаймен екінші орында.

Үшінші орын Еуропаның 14 еліне тиесілі: Финляндия, Франция, Германия, Бельгия, Италия, Дания, Нидерланды, Люксембург, Австрия, Португалия, Швейцария, Норвегия, Греция және Ирландия.

Тізімнің соңында Сирия, Ауғанстан, Ирак және Сомали орналасқан.

Бұған дейін VisaGuide әлем елдері паспортының 2024 жылғы қарашадағы рейтингін жариялаған болатын. Қазақстан паспорты Орталық Азия елдеріндегі ең мықты төлқұжат деп танылғанын еске саламыз. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ал қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі елдердің рейтингінде Қазақстан жалпы кестеде 75-орында тұрғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209074-qazaqstan-pasporty-halyqaralyq-reitingte-bir-satyga-koterildi/