Top.Mail.Ru

Зектілері

Алматыда қалың қар жауды: әкімдік коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында 1 115 жұмысшы мен 475 техника қар тазалау ісіне жұмылдырылды. Мегаполистің коммуналдық қызметі күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік астанада 8 желтоқсанға қараған түні сағат 12-лер шамасында жауа бастаған қар түскі сағат 11-ге дейін жалғасады.

Таңғы сағат 9-дағы мәлімет бойынша, қалада 14 см, Каменск үстіртінде 22 см, Шымбұлақта 20 см қар жауды. Жауын-шашын мөлшері 9 мм болып, айлық норманың (35 мм) 26 пайызына жетті.

Алматыда күндіз 1 115 жұмысшы мен 475 арнайы техника қар тазалау ісіне жұмылдырылды.

Қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Қар жауа бастаған сәттен 194 құмсепкіштің күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материал себіліп жатыр. Таңғы сағат 9-ға дейін 3 600 тонна осындай материал төселді.

Жол жиектеріндегі қар үйінділерін сыртқа шығару жұмыстары басталды. Техникалар көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақ "қалталары" қардан аршылып жатыр. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу адамдар өткелдерін қолмен тазалауда.

Қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

"Қазгидромет" мәліметінше, Алматыда күндіз ауа температурасы 0…-2 °С, ал 12:00-ден кейін -5…-7 °С-қа дейін төмендейді. Түнде -11…-13 °С болады. 13 қаңтарға дейін жауын-шашын болмайды.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мегаполис тұрғындарына автокөлік жылдамдығын асырмауға, жолда қашықтық сақтауға және қар тазалау жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға көлік қоймауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209238-almatyny-qalyng-qar-basty-akimdik-kommunaldyq-qyzmetter-qalai-zhumys-istep-zhatqanyn-korsetti-foto/