jitsu gif

Шымкент әкімі бірқатар нысанды аралап шықты (видео)

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Бүгін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар нысанды аралап шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы ақпаратына сүйенсек, Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Қазиев көшесін Төлеметов көшесіне дейін ұзарту жобасымен танысты. Бұл жобаны іске асыру Арғынбеков көшесіндегі көлік жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар қаланың жол инфрақұрылымын дамыту аясында Қаратау ауданындағы Алтынсарин көшесіндегі құрылыс жұмыстарын тексеріп, Сіргелі көшесін "Тұран" шағынауданына дейін ұзарту жобасын қарап шықты. Жауапты тұлғаларға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды және Сіргелі көшесін ұзарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Әрі қарай шаһар басшысы "Тұран" шағынауданында №3 Оқушылар сарайының құрылысын тексерді. Нысанды жақын арада пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Әл-Фараби көшесін Дулатов көшесіне дейін ұзарту жобасымен танысты. Аудан әкімдігіне мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін дайындау міндеті жүктелді.

Аралау соңында Қонаев даңғылының екінші кезеңі шеңберінде Володарский көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты. Атқарылып жатқан жатқан жұмыстарды бағамдаған әкім, жауапты мердігер ұйым мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Шымкент әкімі бірқатар нысанды аралап шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.