jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

Жапония туы
Жапония туы. Көрнекі фото: Benjamin Kaikinger / EyeEm / Getty Images

Жапония Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті: 11 жеке тұлға, 29 ұйым және үш банкке шектеу қойылды. Қазақстандық компания да санкцияға ілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жапонияның Nikkei басылымы Ресейге қарсы санкциялардың көбейгенін хабарлайды.

Оның айтуынша, 10 қаңтарда Жапония үкіметі кабинет отырысында Ресей Федерациясына қарсы қосымша санкцияларды бекіткен. Бұған дейінгі тізімге тағы 335 өнеркәсіп тауарлары мен химиялық қару жасаумен байланысты кейбір химиялық заттарды экспорттауға тыйым салады.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының 11 азаматына, 29 ұйымға және үш банкке қатысты санкциялар салынды. Ресейден тыс бір жеке тұлға мен бір банктің активтері бұғатталды.

ТАСС агентігі Ресей компанияларына ғана емес, Қытай, БАӘ, Қырғызстан, Таиланд және Түркия компанияларына да экспортқа шектеулер енгізілгенін хабарлады. Санкция тізіміне Қазақстанның бір компаниясы да енгізілді.

Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің ресми сайтында бұл елдердің компанияларына, оның ішінде Қазақстанға қарсы санкциялар 17 қаңтардан бастап күшіне енетіні көрсетілген.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, санкция салынған қазақстандық компания Астанада тіркелген.

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.