Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі халқымыздың жадында сақталады": Тоқаев жазушы Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айтты

Жарияланған күні:

Мұхтар Мағауин
Мұхтар Мағауин. Фото: agauin.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

"Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген жеделхатта.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі жазушы Мұхтар Мағауин бақилық болғанын жазған едік. Қаралы хабарды марқұмның ұлы Едіге Мағауин жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210270-toqaev-zhazushy-muhtar-magauinning-otbasyna-kongil-aitty/