Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкенттік сержант өткен жылдың үздік "жауынгер-спортшысы" атанды

Жарияланған күні:

Шымкенттік Асылбек Қарабай өткен жылдың үздік жауынгер-спортшысы атанды
Шымкенттік Асылбек Қарабай өткен жылдың үздік жауынгер-спортшысы атанды. Фото: otyrar.kz

Қазақстанның үздік әскери қызметшілерін анықтау үшін өткізілетін жыл сайынғы "Әскер тарланы" бүкілармиялық конкурсында Шымкенттегі №35748 әскери бөлімінің мергендер взводының сержанты Асылбек Қарабай үздік "жауынгер-спортшы" атанды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жас кезінен спортқа қызығушылық танытқан Асылбек Қарабай жыл бойы әскери-спорттық жарыстарға белсенді қатысып, үшсайыс пен көпсайыстардың, түрлі турнирлердің жүлдегері және жеңімпазы атанған.

Оның басты жетістіктерінің бірі – армияның қоян-қолтық ұрысы бойынша бүкілармия жарыстарына қатысуы. Онда Асылбек Қарабай жауынгерлік сипаты мен жоғары кәсібилігін көрсетті.

Асылбек Қарабайдың мансаптық жетістіктерінде "Қарулы күштер взводының үздік сержанты-2024" байқауы бүкілармия байқауында жеңіске жетуі де ерекше орын алады. Бұл нәтиже оның көшбасшылық қасиеттерін, сондай-ақ ең қиын жағдайларда салқынқандылық сақтап, дұрыс шешім қабылдау қабілетін растады.

Байқауға дайындықтың әр кезеңі тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар байыпты психикалық шоғырлануды, сондай-ақ тактика мен стратегияны терең түсінуді қажет еткен.

"Менің жетістігімнің құпиясы — тәртіп, табанды жаттығулар және әріптестер мен командирлердің қолдауы. Мен әрқашан спорт тек физикалық даму ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қабілеттер мен командада жұмыс істей білуге тәрбиелеу мүмкіндігі деп ойлаймын. "Әскер тарланы-2024" байқауындағы жеңіс – мен үшін әріптестеріме және отбасыма бөлісетін құрмет", - деді Асылбек Қарабай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210327-shymkenttik-asylbek-qarabai-otken-zhyldyng-uzdik-zhauynger-sportshysy-atandy/