jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Сапасы сын көтермейді": "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызының сиқы жолаушыны шошытты (видео)

Пойыз
Пойыз. Фото: instagram.com/mangishlak

Желіде Маңғышлақ-Ақтөбе бағытындағы пойыз вагонының іші таспаланған видео пайда болды. Автор вагон сапасы сын көтермейтінін айтып, "Қазақстан темір жолына" шағымданған болатын. "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жолаушылар пойызының видеосы Instagram-дағы mangishlak парақшасында жарияланды.

"29 желтоқсан, "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызында жол жүріп бара жатырмыз. Көріп отырғандарыңыздай, мына пойыздың сапасы сын көтермейді. "Қазақстан теміржолы", бұл не масқара?! Орта ғасырда өмір сүреміз ба, қалай?", - дейді видео авторы.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері видеоға пікір білдірген.

"Бұл пойыз "Otpan logistic" ЖШС жеке тасымалдаушысына тиесілі. Яғни, ҚТЖ және "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның құзіретіне жатпайды. Айта кетейік, жеке тасымалдаушылардың қызметін Көлік министрлігі реттейді. Сіз Көлік министрлігіне жеке тасымалдаушылардың жұмысы бойынша өтініш жібере аласыз.

Бүгінгі таңда елімізде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан басқа нарықта жолаушылар тасымалы қызметін көрсететін 14 жеке тасымалдаушы бар. Осыған байланысты келіп түскен өтініштер ұлттық тасымалдаушыға ғана емес, жеке тасымалдаушылардың атына да жатқызылуы мүмкін. Олардың қатарында "Түрксіб Астана" ЖШС, "Сарыарка компани" ЖШС, "Марал Нұр" ЖШС, "Solux express" ЖШС, "Арай Транс KZ" ЖШС, "Nomadas" ЖШС, "ArlanTransAstana" ЖШС, "ЖелдорТрансАқтөбе" ЖШС, "Otpan Logistic" ЖШС, "VagonServiceAlmaty" ЖШС бар, "KazRail" ЖШС, "Тенгри Экспресс" ЖШС, "Тұран-Экспресс" ӨК" ЖШС, "Промо плюс" ЖШС компаниялары бар", - делінген пікірде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.