Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте әкімшілік сот жүргізу тәртібімен серіктестіктің құқығы қорғалды

Жарияланған күні:

Судья қағазға қол қоюда
Судья. Көрнекі сурет: Рexels.com

Шымкент соты әкімшілік сот жүргізу тәртібімен серіктестіктің құқығын қорғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына серіктестік бірнеше мемлекеттік мекемелеріне тексеру нәтижелері туралы актіге және нұсқамаға дау келтіру, сәулет-жобалау тапсырмасы мен алдын ала жобалаудың күшін жою туралы бұйрықтарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламаны тіркеуден алып тастау әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қоюды берген.

"Серіктестік Шымкент қаласы әкімдігінің қаулылары және жалдау шарттары негізінде жер учаскелерінің жер пайдаланушысы. Жалдау шарттарына сәйкес жер учаскелерін жалдау мерзімі 2029 жылдың 16 қаңтарына дейін ұзартылған.

Серіктестіктің 2019 жылдан бастап берген арыздары негізінде "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірнеше рет сәулет-жобалау тапсырмасын берген және нобайлық жобаға келіскен", - делінген сот хабарламасында.

Алайда серіктестікке берілген СЖТ мен алдын ала жобалауды келісудің күші басқарманың даулы бұйрықтары арқылы бірнеше рет жойылған. Сот талап қоюшыға қолайлы болған әкімшілік актілердің күшін жоюға, хабарламаны тіркеуден алып тастауға заңдық негіздер болмаған деген қорытындыға келді.

Сот шешімімен басқарманың үш бұйрығы заңсыз деп танылды. Сонымен қатар, "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылыс монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламасын тіркеуден алып тастау әрекеті заңсыз деп танылды.

"Оған қоса сот ұйғарымымен талап қоюдың Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тексеру нәтижелері туралы актіге және нұсқамаға дау келтіру туралы бөлігі ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11-тармағы бойынша қайтарылды", - делінген хабарламада.

Шешім және ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210513-shymkent-soty-akimshilik-sot-zhurgizu-tartibi-negizinde-seriktestikting-quqygyn-qorgady/