Top.Mail.Ru

Зектілері

Калифорниядағы өрт: АҚШ-тағы қазақстандықтар жағдайды баяндап берді (видео)

Жарияланған күні:

Калифорниядағы өрт
Калифорниядағы өрт. Фото: David Swanson/AFP via Getty Images

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі өрт бірнеше күннен бері сөндірілмей жатыр. Табиғи апатқа куә болған АҚШ-тағы қазақ студенттері не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық Айна Лян бірнеше жылдан бері отбасымен бірге Лос-Анджелесте тұрып жатыр. Оның айтуынша, бұл жерде өрт жиі болып тұрады. Бірақ бұл жолы электр қуатының ұзаққа өшуі жағдайдың оңай емес екенін көрсетіп отыр.

"Біз "ештеңе етпейді, қазір өрт сөндірушілер бәрін сөндіреді" деп ойладық. Үйге оралғанымызда әлі жарық жоқ екенін көрдік, келесі күні таңертең де жарық болған жоқ. Мен уайымдай бастадым. Балконға шыққанда күннің қызыл болып тұрғанын, көкжиектің қызарғанын көрдім. Сол кезде ғана жағдайдың күрделі екенін түсіндік", - деп бөлісті бойжеткен.

Ол Калифорниядағы жағдайды нағыз апокалипсис деп атайды. Шіркеулер, мектептер, дүкендер және тұрғын үйлерді қоса алғанда, 10 мыңға жуық ғимарат өртенді. Көптеген Голливуд жұлдызы Малибудағы сәнді виллаларынан айырылды.

"Қазір біз әлі де "қызыл" аймақтамыз, біз картадан "қызыл аймақ" нені білдіретінін тексеріп жатырмыз - бұл бізде чемодандар мен қандай да бір жеке заттар дайын тұруы керек дегенді білдіреді. Бізге шұғыл хабарлама келеді және біз кез келген уақытта осы заттарды алып, қашуымыз керек", - дейді Айна Лян.

Қазақстандық Томирис Мұсаева қазір Лос-Анджелестің ауасы өте лас екенін айтады.

"Біз тіпті бетперде киіп шығамыз. Барлық адам қазір маскамен далаға шығады. Бұл маған ковид кезеңдерін еске түсірді, өйткені тыныс алу өте қауіпті", - деді бойжеткен.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210568-kaliforniiadagy-ort-aqsh-tagy-qazaqstandyqtar-zhagdaidy-baiandap-berdi-video/