jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақ еліне жүрекжарды лебізін жеткізді

Дэниел Розенблюм қазақ жастарымен бірге. Фото
Дэниел Розенблюм қазақ жастарымен бірге. Фото: instagram.com/usambkz/

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетті. Ол жүрекжарды лебізін Instagram-дағы парақшасында жазды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті Қазақстан халқы, менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе, мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі зейнетке шығу туралы шешім қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын", - деді ол.

Сонымен бірге ол қайда барса да, құрмет көрсетіп, қонақжайлылық танытқан қазақ жұртына алғысын айтты.

"Барған жерімде мені қонақжайлықпен қарсы алды. Мені құшақ жая қарсы алып, өздерінің тарихы мен дәстүрін ашық-жарқын бөліскені үшін мен Қазақстан халқына дән ризамын. Өмірімнің Қазақстанда тұрған шағымда көрсеткен ыстық ықыласыңыз бен қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар Қазақстан үкіметіне серіктестік үшін шынайы ризашылығымды айтамын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Екі ел арасындағы сауда байланыстарын кеңейтіп, білімді насихаттадық, әйелдер мен жастарды қолдадық.

Сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын бірге дәріптедік. Бірлескен күш-жігеріміз бен бейбітшілік, қауіпсіздік және экономикалық өркендеу сияқты ортақ мақсаттарымызға қарай айтарлықтай ілгері бастық.

Бұл елде қызмет ету өмірімде берілген бір үлкен мүмкіндік болды. Баршаңызға болашағыңыз жақсылыққа толы болсын деп тілеймін", - деп сөзін түйіндеді Дэниел Розенблюм.

"28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақ еліне жүрекжарды лебізін жеткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.