Зектілері

Кептелістің азаюына әкеледі: Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол сегіз жолақты болады

Жарияланған күні:

Алматыдан Қаскелеңге апаратын жол
Алматыдан Қаскелеңге апаратын жол. Фото: Көлік министрлігі

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Көлік министрлігі ресми сайтында.

Жұмыс мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.

Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.

Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көлікке дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деген болжам бар. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212946-keptelisti-azaitady-qaskelengnen-almatyga-aparatyn-zhol-segiz-zholaqty-bolady/